Categories Жайық news

Зеленский: «Ресей Трамппен ойын ойнап жүр, ал Путин – нашар актер»

Украина президенті Владимир Зеленский Financial Times басылымына сұхбат беріп, Ресейдің АҚШ президенті Дональд Трамппен «ойын ойнап жатқанын» және соғыстың аяқталу шарттарын атады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Зеленский Украина мен Ресей арасындағы соғыстың «соңына таяп қалғанын» мәлімдеді. Ол Киевтің 2027 жылға қарай Еуропалық Одаққа қабылдануы тиіс екенін айтып, нақты мерзімді талап етті.

«Маған нақты күн керек», — деді Украина басшысы.

Оның пікірінше, Ресей АҚШ-пен келіссөздерде «ойын ойнап отыр», ал Владимир Путин — «нашар актер». Зеленскийдің дерегінше, Мәскеу ай сайын 40 мың адамды жұмылдырып, шамамен 35 мың сарбазынан айырылады. Сондықтан ол соғысты уақытша тоқтатуға емес, толық аяқтауға шақырды.

«Украинаға бітім кеше де, бүгін де, ертең де керек», — деді президент.

Алайда ол қауіпсіздік кепілдігінсіз кез келген атысты тоқтату үлкен тәуекел екенін ескертті. Зеленский Донбасты беру соғысты тоқтатады дегенге сенбейтінін жеткізді. «Ресейге сенуге болмайды», — деп кесіп айтты ол.

Сұхбат барысында Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға Ресейге қарағанда көбірек қысым жасап отырғанын да айтты. Соған қарамастан, ол Америка Құрама Штаттары Ресейге деген қысымды күшейтеді деп үміттенетінін білдірді.

Сондай-ақ Украина Ресейдің әуе қорғанысы жүйесін айналып өте алатын алысқа ұшатын зымырандарды жаппай өндіруге жақын екені белгілі болды. Мәселен, 21 ақпанда украиналық «Фламинго» зымырандары Ресей аумағындағы зауытқа соққы жасаған.

Сөз соңында президент ең алдымен өз елінің азаматтарына, армиясына және отандық өндіріске сенім артатынын атап өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…

Трактормен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды: не болды?

Батыс Қазақстан облысында трактор жүргізушісі полиция тоқтатқанда бағынбай, қашуға тырысқан. Ол ұсталып, қамауға алынды.

ОРАЛДА КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Орал қаласында конфессияаралық келісімді нығайту мен діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған YNTYMAQ комьюнити орталығы пайдалануға…