Categories Жайық news

Еуроодақ пен Үндістан жақындасты: Тарихи келісім АҚШ пен Қытайға соққы

Еуроодақ пен Үндістан Нью-Делиде қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы пактіге және тарихтағы ең ірі еркін сауда келісіміне қол қойды. Сарапшылар мұны АҚШ президенті Дональд Трамптың саясатынан кейін Батыс елдерінің жаңа одақтастар іздеуге мәжбүр болғанының көрінісі деп бағалауда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жаңа мәміле еуропалық тауарлардың (оның ішінде автомобильдер мен шарап) 96 пайыздан астамына және үнді тауарларының (киім-кешек пен зергерлік бұйымдар) 99,5 пайызына салынатын тарифтерді жояды немесе айтарлықтай төмендетеді.

Болжам бойынша, 2032 жылға қарай Еуроодақтың Үндістанға экспорты екі есеге артады. Келісім автокөлік, шарап және өнеркәсіптік тауарлар үшін бөлек жеңілдіктерді де қарастырады.

Сонымен қатар, Үндістанның еуропалық қызмет көрсету нарығына және студенттердің мобильділік бағдарламаларына қол жеткізуіне мүмкіндік беріледі.

Бұл қадам екі тарапқа да тиімді. Еуроодақ АҚШ пен Қытайға экономикалық тәуелділігін азайтқысы келсе, Үндістан өзіне жаңа нарықтар мен инвесторларды тартуды көздейді.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…