2026 жылдан бастап қоныс аударушыларға тұрғын үйге 7 млн теңгеге дейін көмек беріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап экономикалық мобильділік сертификатының сомасы 7 миллион теңгеге дейін ұлғаяды.

Бұл көмек ішкі көші-қонға қатысушы азаматтардың тұрғын үй сатып алу шығындарын азайтуға бағытталған. Сертификат – жаңа мекенде баспана иесі болғысы келетіндерге көрсетілетін қаржылай қолдау құралы.

Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің түсіндіруінше, биылғы тұрғын үй нарығындағы өзгерістерге байланысты бастапқы жарна ретінде берілетін сома 1 160 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) 1 625 АЕК-ке дейін ұлғайтылмақ. Бұл – шамамен 7 млн 29 мың теңге, яғни бұрынғыдан 2,5 миллион теңгеге көп.

Экономикалық мобильділік сертификаты арқылы азаматтар ауыл-аймақта баспана сатып алуға, облыстық және аудандық деңгейдегі шағын қалаларда ипотека рәсімдеуге мүмкіндік алады.

Қоныс аударушылар қандай көмек түрлеріне үміткер бола алады?

Сертификаттан бөлек, мемлекет көшіп келушілерді қолдау үшін бірқатар жеңілдік қарастырған. Мысалы, бір реттік қоныс аудару жәрдемақысы әр отбасы мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде төленеді – бұл 2026 жылы 302 750 теңге шамасында болады.

Сондай-ақ 12 ай бойы тұрғын үй жалдау мен коммуналдық шығындарды өтеуге ай сайын 15–30 АЕК аралығында көмек ұсынылады. Оның мөлшері отбасы құрамына және жаңа өңірдегі орналасқан жеріне байланысты есептеледі.

Қайда қоныс аударуға болады және қандай жағдай жасалған?

Мемлекет тарапынан жаңа өңірге бейімделуге жағдай қарастырылған. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі сол өңірлердегі нақты еңбек нарығын ескере отырып жұмыс орындарының бар екенін растаған. 2025 жылы тамыз айының өзінде өңірде 881 бос жұмыс орны тіркелген.

Сонымен қатар, қоныс аударушыларға жұмысқа орналасу немесе кәсіпкерлікпен айналысу үшін көмек беріледі. Қажет болған жағдайда кәсіби оқыту да ұйымдастырылады.

Ұқсас жазбалар

Оралда көпқабатты үйден шыққан өрттен 60 адам эвакуацияланды

Оралда пәтердегі өрт кезінде 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде 15 бала бар.

A minimalist office setup featuring a planner, clipboard, card, and pen, perfect for planning and organization.

БҚО-да «қосымша табыспен» алдаған алаяқтар 17 млн теңгеден аса ақша жымқырған

БҚО-да дропперлер арқылы 17 млн теңге заңсыз аударылғаны анықталып, ұйымдастырушы ұсталды.

Detailed image of a server rack with glowing lights in a modern data center.

2026 жыл Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллектке арналады

2026 жылы Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллект салаларына ерекше мән беріледі.