100% жұмысқа орналастыру: Ozge Epic Oral сұранысқа ие аниматорларды қалай даярлайды

Сурет:Орал қ әкімдігі

Биыл наурыз айында Орал қаласында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы атынан қайырымдылық жобаларды жүзеге асыратын Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қорының қолдауымен Ozge Epic Oral креативті хабы ашылды. Жаңа кеңістік өңірдің креаторларын және талантты жастарды біріктіріп, Батыс Қазақстан облысындағы алғашқы анимациялық студияның жұмысын бастауына мүмкіндік берді.

Жаңа креативтік орталық шығармашылық пен сапалы білім беруді біріктірді. 23 білім беру бағыты бойынша 200 маман дайындықтан өтіп, өңірдегі кадр тапшылығын азайтуға атсалысты. Анимацияға ерекше назар аударылады: «Режиссер-аниматор» және «Мультипликация» бағдарламалары бойынша курс тыңдаушылары 100% жұмысқа орналасты.

Түлектердің бірі – Бибол Серікқалиев. Бағдарламаға қатысқанға дейін ол мектеп мұғалімі болып жұмыс істеді, алайда курстардан кейін 3D-анимацияны терең үйреніп, бүгінде OzgeEpic Oral командасымен бірге толық метражды анимациялық фильм жасауда.

«Қазір біз «Қанатты қыз – Хиуаз» мультфильмін жасау үстіндеміз. Ол Хиуаз Доспанованың балалық шағы туралы әңгімелейді. Курста мен 3D-модельдерді салуды, локацияларды жасауды және сценарий бойынша тұжырымдаманы құруды үйрендім. Бұл дағдыларды қазір фильм жұмысында қолданып жүрмін. Біздің облысымызда білім беріп қана қоймай, шығармашылыққа шабыттандыратын кеңістік пайда болғанына қуаныштымын», – деді ол.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев Ozge Epic Oral жобасының өңірдегі креативті индустрияны дамытудағы маңызын атап өтті.

«Samruk-Kazyna Trust қорының қолдауының арқасында облыста білікті мамандардың жаңа буыны қалыптасып келеді, ал жастар кәсіби өсу мен шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруға нақты мүмкіндік алуда», — деді ол «Қайырымдылық. Сенім. Серіктестік» есептік форумында сөйлеген сөзінде.

 

 

Ұқсас жазбалар

БҚО-да спорт саласының үздіктері анықталды

Сурет:БҚО Әкімдігі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жалын – 2025» атауымен үздік…

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

Сурет: gov.kz 2025 жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша…

Трамп пригласил Главу государства на саммит G20 в Майами

Фото: Акорда «Сегодня утром у меня был замечательный телефонный разговор с Касым-Жомартом Токаевым, президентом Республики…